Бұл жұмыс парағы оқушылардың белгісіздік есімдігін функционалдық тұрғыдан меңгеруіне арналған. Тапсырмаларда оқушылар дайын сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып, сыныптастарынан сауалнама алады және жауаптарды кестеге жазады. Осындай коммуникативтік әрекеттер арқылы белгісіздік есімдіктерін табиғи тілдік жағдаятта дұрыс қолдануға үйренеді. Жұмыс барысында оқушылардың сұрақ қою, жауап беру, ақпарат жинақтау және оны жүйелеу дағдылары дамиды. Нәтижесінде белгісіздік есімдіктерінің мағынасы мен қызметін ажыратып, оларды ауызша және жазбаша тілде орынды қолданады. Сонымен қатар байланыстырып сөйлеу, сыни ойлау, тілдік талдау, коммуникативтік құзыреттілік және грамматикалық сауаттылық дағдылары қалыптасады.
Бұл жинақ белгісіздік есімдіктерін мағынасына қарай тануға, сөйлемнен анықтауға және орынды қолдануға бағытталған. Алдымен ережені оқытып, 1-тапсырмада есімдіктерді топтатқызыңыз. Кейін диалогтерді толықтыру, сұрақ-жауап, жағдаяттық рөлдік ойын және топтық талқылау арқылы оқушылардың грамматикалық форманы ауызша тілдесімде еркін қолдануына мүмкіндік беріңіз. Соңында «Ол кім? Ол не?» ойынымен білімін бекітіңіз және белсенділігін арттырыңыз.
Бұл тапсырма оқушылардың белгісіздік есімдігінің функционалдық қызметін сөйлеу және жазу барысында дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Комикс мазмұны бойынша әңгіме құрастыру арқылы оқушылар кейіпкерлердің іс-әрекетін сипаттап, өз ойын жүйелі әрі сауатты жеткізеді. Тапсырма белгісіздік есімдіктерін табиғи тілдік жағдаятта қолдануға, сөздік қорын байытуға және байланыстырып сөйлеу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде оқушы белгісіздік есімдіктерін орынды пайдаланады, логикалық жүйемен мәтін құрастырады, грамматикалық нормаларды сақтайды, шығармашылық ойлауын жетілдіреді және коммуникативтік дағдыларын дамытады. Сонымен қатар оқушы суреттегі ақпаратты талдап, қорытынды жасап, өз пікірін дәлелді түрде жеткізуге машықтанады.
Бұл жұмыс парағы оқушылардың есімдік туралы білімін жүйелеп, оның сөйлемдегі қызметін функционалдық тұрғыдан меңгертуге арналған. Тапсырмалар арқылы оқушылар есімдіктердің түрлерін ажыратады, оларды мәтін ішінде дұрыс қолданады, сөйлемдегі қызметін талдайды және зат есімдердің орнына орынды пайдаланады. Сондай-ақ сөздерді есімдіктермен алмастыру, қажетті есімдікті таңдау және мәтінді талдау арқылы грамматикалық сауаттылығы артады. Нәтижесінде оқушылар тілдік бірліктерді коммуникативтік жағдаятта еркін қолдануға, ойды ықшам әрі түсінікті жеткізуге дағдыланады. Тапсырмалар сыни ойлауын, тілдік талдау қабілетін, байланыстырып сөйлеу дағдысын, сөздік қорын және жазбаша сауаттылығын дамытуға ықпал етеді.