Дайын тапсырмалар мен жұмыс парақтары. Ереже жаттату арқылы емес — тілдік қолданыс арқылы. Сабақта бірден қолдануға дайын.
Әр бөлімде тегін тапсырмалар жүктеп алуға болады

Бөлім мен тақырып бойынша шолыңыз немесе сүзгіні қолданыңыз.
Қазақ тілі грамматикасын қазақ және орыстілді мектептерде функционалдық бағытта меңгертетін жаттығу мен ойындарды жүктеп алыңыз.
Жаттығулар «Қазақ тілі. Грамматика. Жаттығулар» (2007, 2023), «Қазақ тілі. Грамматика. Бастауыш сыныпқа арналған оқу құралы» (2024) және «Эссе түрлері» (2020), «Эссе. Жұмыс дәптері. 5-сынып» (2025) оқу құралдары негізінде әзірленді. Безендіру жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындалды.
Бұл сабақ студенттің күнделікті әдеттері мен қызығушылықтарына арналған. Арман мен Мадина туралы мәтінді оқып, олардың не істейтінін анықтаңыз. Етістіктің болымсыз түрін, сондай-ақ «жиі, күнде, кейде, ешқашан» сөздерін үйреніңіз. Топта шағын сауалнама жүргізіп, нәтижесін бүкіл сыныпқа айтыңыз. Блумингтон туралы мәтінді оқығаннан кейін Джекке өзіңіз, оқуыңыз және қызығушылықтарыңыз туралы қысқа хат жазыңыз.
Бұл сабақта сіз оқуыңыз, курсыңыз және болашақ мамандығыңыз туралы айтуды үйренесіз. Динара, Джек және Салтанаттың әңгімелерін тыңдап, оқып, кестені толтырыңыз. Зат есімнің жіктелуін және «емес» сөзінің қолданылуын меңгеріп, жаттығуларды орындаңыз. «Бұл кім?» ойынында тек «иә» немесе «жоқ» сұрақтарын қойып, жасырын тұлғаны табыңыз. Сабақтағы жаңа сөздерді сөйлеуде және жазуда белсенді қолданыңыз.
Бұл сабақ жастардың қызығушылықтары мен хоббиіне арналған. Суреттер арқылы жаңа етістіктерді үйреніп, Айдана мен Ботакөз туралы мәтінді оқыңыз. «Маған ... ұнайды» құрылымы мен «деп ойлаймын» тіркесін қолданып, өз пікіріңізді айтуға жаттығыңыз. «Кім ...?» ойынында сыныптастарыңыздың хоббиін анықтаңыз. Соңында әлеуметтік желіге өзіңіз туралы қысқа пост жазып, сабақтың жаңа сөздерін тағы бір рет қайталаңыз.