kaztapsirma.kz
7-бөлім

ОРФОГРАФИЯ ЖӘНЕ ПУНКТУАЦИЯ

6 ішкі бөлім · 4 материал

Ішкі бөлімдер

Материалдар

Қыстырма сөздер
14 минЖаңа

Қыстырма сөздер

Қыстырма сөздерді жаттап алу міндетті емес. Оларды сөйлемдегі мағынасына, автордың көзқарасын, сенімін, күмәнін, қорытындысын немесе пікірін білдіру қызметіне қарап ажыратуға болады. Бұл тапсырманың ерекшелігі – оқушыны сөз тізімін есте сақтауға емес, қыстырма сөздің коммуникативтік қызметін тануға жетелеуінде. Нәтижесінде оқушы тыныс белгілерін мағынаға сүйеніп саналы қолданады.

Тегін жүктеп алу
Бірыңғай сөйлем мүшелері
15 минЖаңа

Бірыңғай сөйлем мүшелері

Бірыңғай сөйлем мүшелері тыныс белгілері үтір мен қос нүкте. Бұл тапсырманың жаңалығы – оқушыға тыныс белгісін жаттатпай, бірыңғай мүшелердің ойды толықтырушы, жинақтаушы және нақтылаушы қызметін түсінуге жетелеуінде. Оқушылар мағыналық байланыстарды талдап, тыныс белгілерінің қойылу себебін дәлелдейді. Нәтижесінде сауатты жазу дағдысы, мәтінді мағыналық тұрғыдан талдау және өз ойын жүйелі жеткізу қабілеті қатар дамиды.

Көру
Айқындауыш мүшелер
15 минЖаңа

Айқындауыш мүшелер

Сауатты жазу – барлық пән мұғалімдерін толғандыратын ортақ мәселе. Бұл тапсырманың ерекшелігі – тыныс белгілерін ереже арқылы емес, сөйлемнің мағынасын талдау арқылы меңгертуінде. Оқушы айқындауыш мүшенің ойды нақтылау қызметін түсініп, үтір мен қос нүктенің қойылу себебін саналы түрде дәлелдейді. Нәтижесінде механикалық жаттаудан гөрі, мағыналық талдау мен сауатты жазу дағдысы қалыптасады.

Көру
Орфография. Зат есім
14 минЖаңа

Орфография. Зат есім

Орфографияны оқыту тек ережені жаттатумен шектелмеуі керек. Бұл тапсырмалар оқушыны қате сөзді табуға, дұрыс нұсқасын дәлелдеуге, сөзжасам мен жалқы-жалпы есімдердің жазылуын байланыстыра талдауға жетелейді. Бір жұмыс парағында орфография, сөздік қор және логикалық ойлау қатар дамиды. Нәтижесінде оқушы жазу қатесін түзетіп қана қоймай, оның себебін саналы түсіндіре алады.

Көру