kaztapsirma.kz
9-бөлім

ЭССЕ

6 ішкі бөлім · 10 материал

Ішкі бөлімдер

Материалдар

Абзац (параграф)
19 минЖаңа

Абзац (параграф)

Абзац – эссенің негізгі құрылыс бірлігі. Бұл тапсырмалар оқушыны негізгі ойды анықтап, оны тезис, түсіндіру, дәлел және қорытынды арқылы жүйелі құруға үйретеді. Абзацтың құрылымын меңгеру арқылы оқушы ойды талдау, маңызды ақпаратты іріктеу, себеп-салдарлық байланысты анықтау, дәлелдеу және логикалық қорытынды жасау дағдыларын дамытады. Осындай әрекеттер сыни ойлауды қалыптастырып, эссені мазмұнды, жүйелі әрі сенімді жазуға мүмкіндік береді.

Көру
Абзацты  құрастыру әдістері
25 минЖаңа

Абзацты құрастыру әдістері

Көптеген оқушылар эссені бірден жазуға тырысып, ойын жүйелей алмай қиналады. Бұл тапсырмалар абзацты алдын ала жоспарлау тәсілдерін меңгертіп, ойды жинақтау, сұрыптау және жүйелеу әрекеттерін дамытады. Тізімдеп жазу, еркін жазу, ассоциациялық карта құру сияқты әдістер оқушының сыни ойлауын, шығармашылық ізденісін, мәселені бірнеше қырынан талдау және дәлелді пікір қалыптастыру дағдыларын жетілдіреді. Нәтижесінде оқушы ойын сенімді, логикалық әрі құрылымды жеткізуді үйренеді.

Көру
Креативті  жазылым.Жыраулар  шығармалары  бойынша
Жаңа

Креативті жазылым.Жыраулар шығармалары бойынша

Креативті жазылым – оқушының ойлау мәдениетін, тілдік құзыреттілігін және шығармашылық әлеуетін дамытатын маңызды оқу әрекеті. Бұл жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар мәтінді терең түсінуге, авторлық ұстанымды талдауға, дәлелді пікір айтуға және өмірлік тәжірибемен байланыстыра отырып, өзіндік көзқарасын жүйелі жеткізуге бағытталған. Бағалау барысында оқушының ерекше идеясына, дәлелдерінің қисындылығына, тілдік сауаттылығына және шығармашылық ізденісіне басымдық беріңіз.

Тегін жүктеп алу
Салыстыру-қарсы қою эссесі. 6-сынып
Жаңа

Салыстыру-қарсы қою эссесі. 6-сынып

Бұл жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар салыстыру эссесін жазу дағдысын кезең-кезеңімен қалыптастыруға бағытталған. Оқушы алдымен ақпарат жинап, салыстыру белгілерін анықтайды, кейін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жүйелейді. Осы негізде тезис құрып, негізгі бөлімді жоспарлап, қорытынды жасайды. Соңғы тапсырмалар арқылы өз жұмысын бағалап, түзетеді. Тапсырмалар жүйесін бірізді орындау нәтижесінде оқушы салыстыру және қарсы қою эссесін логикалық құрылыммен, дәлелді, жүйелі әрі сауатты жаза алады.

Көру
Жазба  жұмысын (эссені) редакциялау
9 минЖаңа

Жазба жұмысын (эссені) редакциялау

Бұл тапсырмалардың мақсаты – оқушыны өз мәтінін және сыныптасының жұмысын мазмұндық тұрғыдан талдап, саналы түрде редакциялауға үйрету. Жұптық және топтық жұмыс арқылы оқушылар дәлелді пікір айтуға, сындарлы кері байланыс беруге, мәтін құрылымын жетілдіруге және қателерді анықтауға дағдыланады. Осындай өзара редакциялау сауатты жазуды, жауапкершілікті, коммуникативтік мәдениетті және мәтінді жетілдірудің жазу үдерісіндегі шешуші рөлін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Көру
Тезис  құрастыру
23 минЖаңа

Тезис құрастыру

Көптеген мұғалімдер тезиске арнайы уақыт бөлудің қажеттілігін бірден түсіне бермеуі мүмкін. Алайда дәл тезис – эссенің өзегі. Оқушы алдымен негізгі ойын бір сөйлеммен нақты тұжырымдауды үйренгенде ғана ойын жүйелі дамытып, дәлелдер мен мысалдарды орынды қолданады. Бұл тапсырма тезис құру, ойды логикалық өрбіту, дәлелдеу және құрылымды жазу дағдыларын қалыптастырады. Соның нәтижесінде оқушы эссені шашыратпай, бір мақсатқа бағытталған, мазмұнды әрі сенімді жазады.

Көру
Эссе  құрылымы  туралы  түсінік. 5-сынып
29 минЖаңа

Эссе құрылымы туралы түсінік. 5-сынып

Бұл жұмыс парақтары оқушылардың эссе құрылымын мәтін арқылы талдауына, негізгі ойды, тезисті, аргументті және қорытындыны анықтауына бағытталған. Тапсырмалар тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым әрекеттерін өзара байланыстырып, грамматикалық формаларды коммуникативтік жағдаятта қолдануға, ойды жүйелі жеткізуге және эссе жазу дағдысын біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Көру
Нұсқаулық  жазу.  5 -сынып
30 минЖаңа

Нұсқаулық жазу. 5 -сынып

Бұл тапсырмаларды оқушыларға жеке орындауға асықтырмаңыз. Алдымен жұпта және топта сөздердің мағынасы мен қолданысын талқылатыңыз. Әр таңдаудың себебін дәлелдетіңіз. Соңында таңдалған сөздерді диалогте, шағын мәтінде және эсседе қолдануды ұйымдастырыңыз. Осылайша сөздік қор, тілдік талғам және коммуникативтік дағды қатар дамиды.

Көру
Сипаттау  эссесі. 5-сынып.
Жаңа

Сипаттау эссесі. 5-сынып.

Бұл тапсырмалар сипаттау эссесінің құрылымын, детальдарды жүйелі орналастыру тәсілін және мәтіндегі мағыналық байланысты түсінуге бағытталған. Оқушылар мәтінді талдап, кеңістіктік сипаттау ретін анықтайды, детальдардың қызметін бағалайды, кейін осы үлгіні өз эссесін жоспарлау мен жазуда қолданады. Коммуникативтік және жазылым дағдылары бірізді қалыптасады.

Көру
Киім.Сән.Талғам. Сипаттау  эссесі. 5-сынып
6 минЖаңа

Киім.Сән.Талғам. Сипаттау эссесі. 5-сынып

Тапсырмаларды орындауды дайын жауаптан емес, сөздердің мағынасы мен қолданысын талқылаудан бастаңыз. Оқушылар әр таңдауды дәлелдеп, сөз тіркестерін сөйлемде және жағдаятта қолданып көрcін. Сәйкестендіру тапсырмаларынан кейін жұптық талқылау ұйымдастырып, ұлттық киімдерді сипаттау арқылы жаңа сөздерді белсенді қолданысқа енгізіңіз. Коммуникативтік өзара әрекетті тұрақты қолдаңыз.

Көру