Әңгіме жазу
Материалдар
Әңгіме жазу
Әңгіме жазу – оқушының сөйлеу мәдениеті мен коммуникативтік құзыретін қалыптастыратын маңызды әрекет. Бұл тапсырмалар оқиғаны түсінуден бастап, оның құрылымын, уақыт ретін, кейіпкер әрекеті мен сезімін талдауға, кейін мазмұндауға, хат жазуға және өз әңгімесін құрастыруға жүйеліжетелейді. Осындай логикалық жүйе оқушының танымын, оқиғаны жүйелі баяндау, тыңдаушыны ескере отырып әсерлі сөйлеу және өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады.
Әңгіме жазуды неден бастаймыз?
Бұл тапсырмалардың мақсаты – оқушыны әңгімені жоспарсыз емес, саналы түрде құрастыруға үйрету. Жаңалығы – әңгіме жазуды негізгі идеяны анықтаудан, оқырман мақсатын белгілеуден, детальдарды іріктеуден, кластер құрудан, алғашқы нұсқаны жазып, құрдасының кері байланысы арқылы өңдеуден бастауында. Нәтижесінде оқушы өз мәтінін жоспарлап, бағалап, жетілдіруді меңгереді, шығармашылық, сыни ойлау және коммуникативтік жазылым дағдылары қалыптасады.