Бастауыш сыныптағы қазақ тілі
Материалдар
Жаңа сөздерді меңгеру
«Балалар сөздерді жаттап алғанымен, мәтіннен таныс сөзді бірден таба алмай ма?» Бұл – бастауыш сынып мұғалімдері жиі кездесетін қиындықтардың бірі. Осы жұмыс парағы оқушының сөзді көзбен жылдам тану дағдысын қалыптастырып, оқуды автоматтандыруға көмектеседі. Тапсырманы орындау барысында балалар өздеріне таныс сөздерді іздеп, қоршайды, сөздік қорын белсенді қолданады және оқуға деген сенімділігі артады. Материал оқу қарқыны баяу оқушылармен жеке жұмысқа, қайталау сабақтарына және қалыптастырушы бағалауға өте қолайлы. Дайын жұмыс парағы мұғалімнің уақытын үнемдеп, әр оқушының оқу дағдысын қызықты әрі нәтижелі дамытуға мүмкіндік береді.
Дауысты дыбыстар
«Оқушылар әріптерді таниды, бірақ жаңа сөзді өздігінен құрастыра алмай ма?» Бұл тапсырма дәл осы қиындықты шешуге арналған. Оқушы бір ғана әріпті өзгерту арқылы жаңа сөз шығарады, сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын байқайды, дыбыстық талдау жасап, логикалық ойлауын дамытады. Осындай ойын түріндегі тапсырмалар балаларды қызықтырып қана қоймай, оқу барысында қателесу қорқынышын азайтады. Материал оқылым, сауат ашу, сөздік қорды байыту және қалыптастырушы бағалау кезінде тиімді қолданылады. Дайын жұмыс парағы мұғалімге қосымша тапсырма ойлап табуға уақыт жұмсамай, сабақты белсенді, қызықты және нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Дауысты дыбыстар
«Оқушыларыңыз дауысты дыбыстарды ажырата алмай, сөзді қате оқи ма? Жазғанда әріптерді жиі түсіріп кете ме?» Бұл жұмыс парағы дәл осы қиындықтарды жеңілдетуге көмектеседі. Оқушылар жетіспейтін дауысты дыбыстарды тауып, сөзді толықтырады, дыбыс пен әріптің байланысын түсінеді және сөздің дұрыс құрылымын меңгереді. Суреттердің көмегімен балалар жаңа сөздің мағынасын оңай есте сақтап, оқуға деген қызығушылығын арттырады. Материал фонематикалық естуді, орфографиялық сауаттылықты және сөздік қорды қатар дамытады. Жұмыс парағы сауат ашу сабақтарына, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға, саралап оқытуға және жеке жұмыстарға өте қолайлы. Дайын материал мұғалімнің уақытын үнемдеп, сабақты нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Тәуелдік жалғауы
Ережені білу – бір басқа, оны сөйлемде дұрыс қолдану – бір басқа. Көптеген оқушылар тәуелдік жалғауларын жатқа айтқанымен, сөйлем құрастырғанда қате жібереді. Бұл жұмыс парағы оқушыны дайын ережені қайталауға емес, оны нақты тілдік жағдаятта қолдануға үйретеді. Сөйлемдерді аяқтау және жалғауларды сәйкестендіру арқылы балалар тәуелдік жалғауының мағынасына назар аударады, сөздердің байланысын түсінеді және дұрыс сөйлем құрастыруға машықтанады. Ойын элементтері оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабақты белсенді өткізеді. Мұғалім үшін бұл – қосымша түсіндіруді азайтып, оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін бірден анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңа сөздерді меңгерту. Менің бөлмем
Сабақ барысында жаңа сөздерді бірнеше рет қайталасаңыз да, оқушылар келесі күні оларды ұмытып қала ма? Бұл жұмыс парағы сөздік жұмысы мен жазу дағдысын тиімді ұштастырады. Оқушылар алдымен сурет арқылы сөздің мағынасын қабылдайды, кейін оны контурмен жазып, соңында өздігінен қайта жазады. Осындай үш кезеңді жұмыс көру, жазу және есте сақтау қабілеттерін қатар дамытып, жаңа сөздердің ұзақ уақыт есте сақталуына ықпал етеді. Материал сөздік қорды байытуға, сауатты жазуға және қазақ тілінде еркін тілдесуге берік негіз қалайды.
Не? сұрағы
Сабақ кезінде «Не?» сұрағына жауап беретін сөздерді түсіндіріп тұрсыз. Бір оқушы «парта» десе, екіншісі «дәрігерді», үшіншісі «Айнұрды» таңдайды. Осындайда оқушылардың сұраққа қарай сөздерді ажыратуда қиналатынын байқайсыз. Бұл жұмыс парағы дәл осы дағдыны қалыптастыруға арналған. Оқушылар берілген сөздердің ішінен «Не?» сұрағына жауап беретіндерін тауып, оларды ойын жолына орналастырады. Тапсырма сөз таптарын ажырату, сұрақ қою, сөздік қорды дамыту және логикалық ойлауды қатар жетілдіреді. Ойын элементі балалардың қызығушылығын сақтап, әр оқушыны белсенді жұмысқа тартады. Материал жаңа тақырыпты меңгертуге, бекітуге, қалыптастырушы бағалауға және саралап оқытуға өте қолайлы.
Кім? сұрағы
Жаңа сөзді бірнеше рет қайталау оның ұзақ уақыт есте сақталатынын білдірмейді. Бала сөзді әрекетпен, бейнемен және ассоциациялық байланыстар арқылы әлдеқайда тез меңгереді. Бұл тапсырмада оқушылар «Кім?» сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, оларды тау жолына жазады. Суретпен, қозғалысқа ұқсас әрекетпен және грамматикалық сұрақпен байланысқан сөздер баланың жадында берік сақталады. Осындай жұмыс сөздік қорды табиғи жолмен дамытып, грамматикалық ұғымдарды саналы меңгеруге және қазақ тілінде еркін сөйлеуге негіз қалайды.
Комиксті қолданыңыз.
Бұл комиксті мұғалім сабақта бірнеше мақсатта тиімді қолдана алады: оқиғаны суреттер бойынша қалпына келтіру, бос сөйлеу бұлттарын толтыру, кейіпкерлердің диалогін құрастыру, оқиға ретін анықтау, жоспар жасау және мәтін құрастыру. Сонымен қатар комикс «Менің сүйікті жануарым», «Үй жануарлары», «Дос», «Қамқорлық», «Ойын», «Қазіргі осы шақ», «Диалог», «Сөйлеу мәдениеті» тақырыптарын меңгертуге мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмалар оқушының ауызша сөйлеуін, шығармашылығын, логикалық ойлауын және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытады.
Менің отбасым
Бұл жұмыс парағындағы суреттерді көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын және коммуникативтік әдістермен қолданғаны тиімді. Алдымен оқушылар сурет бойынша отбасы мүшелерін атайды, кейін диалог құрып, сурет пен сөзді сәйкестендіреді, артық суретті анықтап, өз ойын дәлелдейді және өз отбасы туралы әңгімелейді. Тапсырмалар сөздік қорды молайтып, байланыстырып сөйлеуді, салыстыру, жіктеу, логикалық ойлау және функционалдық тілдік қолданысты дамытады.
Менің отбасым
Бұл жұмыс парағындағы суреттерді көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын және коммуникативтік әдістермен қолданған тиімді. Алдымен оқушылар сурет бойынша отбасы мүшелерін атайды, кейін диалог құрып, сурет пен сөзді сәйкестендіреді, артық суретті анықтап, өз ойын дәлелдейді және өз отбасы туралы әңгімелейді. Тапсырмалар сөздік қорды молайтып, байланыстырып сөйлеуді, салыстыру, жіктеу, логикалық ойлау және функционалдық тілдік қолданысты дамытады.
Менің сөмкем
Бұл тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының тілді табиғи қабылдау ерекшелігіне негізделген. Алдымен сурет арқылы заттың мағынасы меңгертіліп, кейін оның дыбыстық құрамы, буындық құрылымы және сөздің жазылуы біртіндеп игеріледі. Оқушы дыбысты, буынды және сөзді өзара байланыстыра отырып, жаңа лексиканы саналы меңгереді. Кейін осы сөздерге жалғау жалғау, сөйлем құрастыру сияқты тапсырмалар орындалады. Мұндай бірізділік сөздік қорды, фонематикалық естуді, оқу-жазу дағдыларын және функционалдық тілдік қолданысты қатар дамытады.
Отбасы.Жаңа сөздерді меңгерту
Бұл жұмыс парақтарының ерекшелігі – бір тапсырма арқылы бірнеше оқу мақсатының қатар жүзеге асуы. Оқушы суретке сүйеніп болжайды, салыстырады, дұрыс жауапты таңдайды, сөздерді буынға бөледі, сөздік қорын кеңейтеді және өз отбасы туралы әңгімелейді. Мұғалім бұл тапсырмаларды жеке, жұптық немесе ойын түрінде ұйымдастыра алады. Олар есте сақтауды емес, тілдік қатысымды, логикалық ойлауды және функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған.
Суретпен ойлау, сөзбен сөйлеу
Бұл тапсырмалар заттың орнын білдіретін сөздерді көрнекілік арқылы табиғи меңгертуге бағытталған. Оқушы алдымен суреттен заттың орналасуын байқайды, кейін оны дұрыс сөзбен атап, сөйлемде қолданады. Кейін сол сөздерді буынға бөліп, санмен, сөздік қорды кеңейтетін тапсырмалармен байланыстырады. Мұғалім бұл материалды жаңа тақырыпты түсіндіруде, бекітуде немесе тілдік ойын ретінде қолдана алады. Мұндай бірізділік оқушының кеңістіктік ойлауын, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін және функционалдық тілдік қолданысын қатар дамытады.
Түстер
Бұл жұмыс парақтары түстерді жаттатуға емес, оларды күнделікті қолданыстағы заттармен байланыстыра отырып саналы меңгертуге арналған. Оқушы алдымен сурет арқылы түсті анықтайды, кейін сөзді оқиды, жазады, бояйды, заттарды санап, сөйлемде қолданады. Мұғалім бұл тапсырмаларды жаңа сөздерді енгізуде, бекітуде немесе қалыптастырушы бағалауда пайдалана алады. Тапсырмалар түстерді танумен қатар сөздік қорды, байланыстырып сөйлеуді, оқу-жазуды, фонематикалық қабылдауды және функционалдық тілдік қолданысты кешенді дамытады.
Апта күндері
Бұл жұмыс парақтары апта күндерін коммуникативтік жағдаятта қолдану дағдысын қалыптастыруға арналған. Оқушылар алдымен тұжырымдардың дұрыстығын анықтайды, кейін сөздерді ретімен орналастырып сөйлем құрастырады. Тапсырмалар логикалық ойлауды, сөйлем құрау дағдысын және апта күндерін күнделікті қарым-қатынаста дұрыс қолдануды дамытады.
Жануарлар мен құстар
Жануарлар мен құстар тақырыбын меңгертуге арналған тапсырмалар оқушының сөздік қорын жүйелі түрде кеңейтіп, сөздерді мағынасына қарай топтастыру, дыбыстық құрамын талдау және дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырады. Суретпен жұмыс, дауысты дыбыстарды толықтыру және жануарларды жіктеу арқылы балалардың бақылау, салыстыру, талдау қабілеті дамиды. Мұғалім материалды жаңа тақырыпты меңгертуде, бекітуде немесе қалыптастырушы бағалау кезінде тиімді қолдана алады
Дене мүшелері
Суреттерді жаңа сөздерді таныстыруда, бекітуде және сөйлесім тапсырмаларында пайдаланыңыз. Оқушылар дене мүшелері мен киім атауларын атайды, сәйкестендіреді, сипаттайды, сұрақтарға жауап береді және өзара диалог құрады. Осындай көрнекі тапсырмалар сөздік қорды белсенді қолданып, ауызша сөйлеуді дамытып, жаңа лексиканы ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.
Сөйлем құрастыру
Сөздерді карточка түрінде қиып алып, дұрыс ретімен орналастырып сөйлем құрастыру, содан кейин суретін салу тапсырылады. Бұл — моторика арқылы есте сақтауды дамытатын ойын түріндегі жұмыс. Кіші топпен немесе жеке партада қайшы, желім қолданып орындатқан тиімді.
Кім? Не? Қайда?
Сіз оқушыларға сұрақ түрлерін (қандай?, кім?, не?), сын есім мен зат есімді сәйкестендіруді және сұраулы сөйлем құрауды бір мезгілде үйрете аласыз. Тапсырмалар сәйкестендіру, топтастыру және сөйлем қалпына келтіру түрінде берілген, сондықтан Сіз сабақты интерактивті ойын форматында өткізе аласыз. Түрлі-түсті кестелер мен суреттер көрнекілікті қамтамасыз етеді.
Көптік жалғауы
Көптік жалғауын дұрыс қолдану үшін оқушы сөздің мағынасын ғана емес, оның дыбыстық құрамын да түсінуі керек. Бұл жұмыс парағы оқушыларға сөздерді көпше түрге айналдыру барысында үндестік заңын, жуан және жіңішке дауыстыларды, сондай-ақ қатаң және ұяң дауыссыздардың ерекшелігін тәжірибе арқылы меңгеруге мүмкіндік береді. Суреттер сөздің мағынасын нақтылап, қажетті жалғауды саналы таңдауға жетелейді. Осындай жұмыс оқушылардың грамматикалық сауаттылығын, сөздік қорын және дұрыс жазу дағдысын қатар дамытады.
Сөйлемді контур бойынша жаз.Ойын
«Оқушылар сөзді оқиды, бірақ сөйлемді түсініп оқи ма?» Көптеген бастауыш сынып мұғалімдерін дәл осы сұрақ мазалайды. Бұл жұмыс парағы оқушыны тек оқуға емес, дұрыс оқуға, сауатты көшіруге және сөйлемнің мағынасын түсінуге жетелейді. Қысқа әрі қызықты сөйлемдер, сүйкімді суреттер және көшіріп жазу тапсырмасы баланың назарын ұзақ сақтап, оқуға деген қызығушылығын арттырады. Жұмыс барысында оқушылар оқу жылдамдығын, жазу каллиграфиясын, емле дағдыларын және сөздік қорын қатар дамытады. Материал сауат ашу сабақтарына, қайталау жұмыстарына және жеке оқушылармен жұмыс жүргізуге өте қолайлы. Дайын тапсырма мұғалімнің уақытын үнемдеп, сабақты әсерлі әрі нәтижелі өткізуге көмектеседі.
Дыбыстар мен буындарды оқу
Оқушыларыңыз буындарды ажыратуда немесе дауысты дыбыстарды анықтап айтуда қинала ма? Бұл жұмыс парағы осы қиындықтарды жүйелі түрде жеңуге арналған. Оқушылар алдымен буындарды таниды, кейін оларды суреттермен сәйкестендіріп, толық сөз құрастырады. Осындай кезеңдік жұмыс буындық талдау дағдысын дамытып, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс қабылдауға көмектеседі. Көрнекі иллюстрациялар баланың қызығушылығын арттырып, сөздік қорын табиғи жолмен толықтырады. Материал қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері үшін өте қолайлы. Оны сауат ашу, жаңа тақырыпты бекіту, қайталау, жеке немесе жұптық жұмыстарда қолдануға болады. Дайын тапсырмалар мұғалімнің уақытын үнемдеп, әр оқушының оқу дағдысын тиімді дамытуға мүмкіндік береді.
Көмекші есімдер
Көмекші есімдерді жаттап алу жеткіліксіз. Оқушы оларды күнделікті өмірдегі заттардың орналасуымен байланыстыра алғанда ғана тез меңгереді. Бұл тапсырмада балалар суретке қарап, заттардың орнын анықтайды, қолмен көрсетеді, сөйлемді толықтырып жазады. Осындай әрекеттер кеңістіктік ұғымдарды нақтылап, үстінде, астында, жанында, алдында, артында, арасында сөздерінің мағынасын саналы түсінуге көмектеседі. Көру, әрекет жасау және жазуды ұштастырған жұмыс жаңа грамматикалық құрылымдардың ұзақ уақыт есте сақталуына және сөйлеуде еркін қолданылуына мүмкіндік береді.