Типтік оқу бағдарламасына сай дайындалған, Республикалық ғылыми -әдістемелік кеңес ұсынған оқу құралынан. Оқылыммен жұмыс.
Типтік оқу бағдарламасына сай дайындалған, Республикалық ғылыми -әдістемелік кеңес ұсынған оқу құралынан. Оқылыммен жұмыс.
Типтік оқу бағдарламасына сай дайындалған, Республикалық ғылыми -әдістемелік кеңес ұсынған оқу құралынан. Оқылыммен жұмыс.
Типтік оқу бағдарламасына сай дайындалған, Республикалық ғылыми -әдістемелік кеңес ұсынған оқу құралынан. Оқылыммен жұмыс.
Типтік оқу бағдарламасына сай дайындалған, Республикалық ғылыми -әдістемелік кеңес ұсынған оқу құралынан. Оқылыммен жұмыс.
Типтік оқу бағдарламасына сай дайындалған, Республикалық ғылыми -әдістемелік кеңес ұсынған оқу құралынан.
Типтік оқу бағдарламасына сай дайындалған, Республикалық ғылыми -әдістемелік кеңес ұсынған оқу құралынан.
Типтік оқу бағдарламасына сай дайындалған, Республикалық ғылыми -әдістемелік кеңес ұсынған оқу құралынан.
Бұл жұмыс парағы B1 деңгейіндегі оқушыларға күнделікті өмір туралы оқылым дағдысын дамытуға арналған. Оқушылар Әйгерім, Дәурен және Болаттың күн тәртібін оқиды, деректерді салыстырады, шын және жалған тұжырымдарды анықтайды, сұрақтарға жауап береді. Соңында өз күнін жазады және серіктесінің күнімен салыстырады. Мұғалім сөздерді алдын ала түсіндіріп, жұптық талқылау мен сөздік қорды дамытады.
Бұл B1 деңгейіне арналған оқылым жұмысы екі қаладағы өмірді салыстыруға үйретеді. Оқушылар Ербол мен Мадинаның мәтіндерін оқып, қалалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, көрікті орындарын, ауа райын анықтайды. Сын есімдердің мағынасын меңгереді, шын жалған тапсырмасын орындайды, сұрақтарға жауап беріп, өз қаласы туралы серіктесімен сөйлеседі. Мұғалім жауаптарды тыңдап, салыстыру тілін белсенді қолдануға бағыттайды.
Бұл A2 деңгейіне арналған әзірлеме. Достың өтінішін түсініп, сыпайы жауап беру құрылымдарын меңгертеді. Студенттер өзара хабар ламасып, өтініш айтуға үйренеді. Үлгі сұхбат торт алумен байланысты сөйлеу жағдаяты. Тапсырмалар өтініш айтуда қолданатын тілдік бірілктердің қызметін меңгертеді. Оқытушы сыпайы өтініш пен жауап үлгілерін рөлдік ойын арқыл ы меңгертіп, кейстер ұсынады.
Мәтін B2 деңгейіне арналады.Оқылым ғылыми деректі талдауға және жылқының қолға үйретілу тарихын түсінуге бағытталған. Студенттер мәтін абзацтарын негізгі ойларымен сәйкестендіреді, Ботай қонысы мен ДНҚ зерттеулері туралы деректерді салыстырады. Жаңа сөздердің сөз табын және мағынасын анықтайды. Соңында сұрақтарға дәлелді толық жауап жазады. Оқытушы сабақта дерек пен болжамды ажыратуға арнайы назар аудартады, аргумент құрдырады.
Оқылым материалы B2 деңгейіндегі сабақ қымыз бен шұбаттың құрамы, ерекшелігі және денсаулыққа ықпалы туралы ақпаратты салыстыруға көмектеседі. Студенттер мәтінді оқып, шын - жалған тұжырымдарды тексереді, синонимдерді табады, сусындарды сипаттайды және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы мөлшермен тұтыну туралы қорытынды пікірді жұптық талқылауда ұйымдастырады. Сабақ соңында білім алушылар өз таңдауларын мәтін деректерімен топта ауызша дәлелдейді.
Мәтін B2 деңгейіне арналады. Оқылым кененің тіршілігі, қаупі және қорғану жолдары туралы ғылыми танымдық ақпаратпен жұмыс істеуге арналған. Студенттер абзацтарға тақырып қояды, тест сұрақтарына жауап береді, терминдерді анықтамаларымен сәйкестендіреді. Мәтін негізінде кененің адамға қалай жабысатынын және одан қауіпсіз қорғану амалдарын толық түсіндіреді. Оқытушы қауіпсіздік ережесін қорытындылап, қорғану әрекетін жұппен қысқаша талқылатады.
Бұл B1 деңгейіндегі оқылым мейірбике мен аспаз мамандығын салыстыруға арналған. Білім алушылар екі адамның жұмыс жолын, ұнайтын және қиын жақтарын оқып, деректерді кейіпкерлермен сәйкестендіреді. Кәсіби сөздердің мағынасын меңгереді, шын жалған тапсырмасын орындайды, сұрақтарға жауап береді. Кейін мамандықтар туралы пікірін серіктесімен дәлелдеп айтады. Сабақ соңында оқытушы мамандық таңдауының себептерін топтық талқылауға шығарады.
Оқылым материалдары B1 деңгейіне арналады. Мәтін ерекше қорқыныш түрлері мен олардың күнделікті өмірге әсері туралы. Студенттер қорқыныш түрлерін салыстырады, мәтіндегі бес фобияны анықтайды, жалғауларды дұрыс қолданады. Сөйлемдер мен сөздердің мағынасын сәйкестендіріп, сұрақтарға жауап береді. Соңында қорқынышты жеңу жолдарын серіктесімен талқылайды. Оқытушы пікір алмасуда жанашыр, қауіпсіз тіл қолдануды ерекше түрде ескертеді.
A2 деңгейіндегі сабақ Ыстанбұл мен Лондондағы екі сапар туралы электрондық хаттарды оқып түсінуге құрылған. Студенттер саяхат, жұмыс, тамақ, ауа райы және кәдесыйға қатысты ақпараттарды табады. Есімдерді таңдайды, тест орындайды, сөздерді сәйкестендіреді, сұрақтарға жауап береді. Соңында сөздерді таңдап, серіктесімен өзінің соңғы сапары туралы сөйлеседі. Оқытушы сұрақтарды үлгі етіп, айтылым дағдысын дамытады.
Сабақ отбасы мен әулет ұғымдарына арналған. Студенттер отбасындағы қарым-қатынас түрлерін талқылап, отбасын сипаттайтын сөздермен жұмыс істейді. Үш студенттің хатын оқып, тірек сөздер мен синонимдер табады. Грамматикада ілік септікті сөз тіркесі қарастырылады. Сабақ «Жастар біреуге еліктеуі керек пе?» тақырыбында сауалнама жүргізіп, пікір-абзац жазумен аяқталады. Тапсырмалар B2 деңгейіндегі студенттердің сөздік, оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын дамытады.
Сабақ бақытты отбасы мен өзара сыйластық тақырыбына арналған. Студенттер отбасын сипаттайтын сын есімдер мен етістіктерді топтастырып, отбасы түрлерін ажыратады. Төрт жасөспірімнің ғаламтордағы хатын оқып, отбасындағы қиындықтарды анықтайды және кеңес береді. Грамматикада қарсылықты салалас сөйлем қарастырылады. Сабақ аргумент үлгісімен пікір алмасумен аяқталады. Тапсырмалар B2 деңгейіндегі студенттердің оқылым және айтылым дағдыларын дамытады.
Сабақта ата-ана мен баланың отбасындағы міндеттері талқыланады. Студенттер пікірлерге өз көзқарасын білдіріп, міндеттерді кестеге түсіреді. Жанар мен Самұраттың ата-анасымен қарым-қатынасы туралы мәтінді оқып, шын не жалған екенін анықтайды, тұжырымдарды дәлелдейді. Грамматикада себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем меңгеріледі. Соңында жауапкершілік тақырыбына жарнама дайындалады. Тапсырмалар B2 деңгейіндегі студенттердің сөздік, оқылым және айтылым дағдыларын дамытады.
Сабақ отбасы туралы мақал-мәтелдерге арналған. Студенттер бөлінген бөліктерден мақал құрастырып, орыс тіліндегі баламаларын табады. Мақалдың сөйлем ішінде «депті», «дегендей» сөздерімен қолданылуын үйренеді. Шыбық туралы әңгімені оқып, мазмұнын бір мақалмен береді. Мақалдардың құрылымы талданып, соңында мақал негізінде әңгіме құрастырылып, рөлге бөлініп ойналады. Тапсырмалар B2 деңгейіндегі студенттердің айтылым дағдыларын дамытады.
Бұл – курстың алғашқы сабағы. Мұнда сіз қазақша сәлемдесуді, өзіңізді және досыңызды таныстыруды үйренесіз. Алдымен төрт студенттің профилін оқып, сұхбатты тыңдаңыз. Содан кейін ауыспалы осы шақ пен жатыс септігінің ережесін оқып, жаттығуларды ретімен орындаңыз. Сабақ соңында «Танысу кеші» ойынында сыныптастарыңызбен танысып, олардың қайда тұратынын, қайда оқитынын сұраңыз және кестені толтырыңыз.
ЖОО- ға арналған оқу бағдарламасына сай дайындалған оқу құралы мазмұнында лексика-грамматикалық минмум мен лексикалық тақырыптардың, сөйлеу әрекеті түрлері бойынша жүргізілетін жұмыс түрлерінің тақырыптық жоспары берілген.
Бұл сабақ студенттің күнделікті әдеттері мен қызығушылықтарына арналған. Арман мен Мадина туралы мәтінді оқып, олардың не істейтінін анықтаңыз. Етістіктің болымсыз түрін, сондай-ақ «жиі, күнде, кейде, ешқашан» сөздерін үйреніңіз. Топта шағын сауалнама жүргізіп, нәтижесін бүкіл сыныпқа айтыңыз. Блумингтон туралы мәтінді оқығаннан кейін Джекке өзіңіз, оқуыңыз және қызығушылықтарыңыз туралы қысқа хат жазыңыз.
Бұл сабақ жастардың қызығушылықтары мен хоббиіне арналған. Суреттер арқылы жаңа етістіктерді үйреніп, Айдана мен Ботакөз туралы мәтінді оқыңыз. «Маған ... ұнайды» құрылымы мен «деп ойлаймын» тіркесін қолданып, өз пікіріңізді айтуға жаттығыңыз. «Кім ...?» ойынында сыныптастарыңыздың хоббиін анықтаңыз. Соңында әлеуметтік желіге өзіңіз туралы қысқа пост жазып, сабақтың жаңа сөздерін тағы бір рет қайталаңыз.