Коммуникативтік жағдаят → Коммуникативтік мақсат → Тілдік бірліктің функционалдық қызметін түсіну → Тілдік дағдыны қалыптастыратын арнайы жаттығулар → Коммуникативтік қолдану. Осы модель коммуникативтік оқыту мен тілдік білім арасындағы тепе-теңдікті сақтайды және қазақ тілін оқыту әдістемесін дамытады
Бұл оқу мақсаты оқушыны тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы мәтіннің негізгі ақпаратын анықтауға үйретеді. Оқушы болжау, сұрақ қою, негізгі ақпаратты іріктеу, тыңдалымды мақсатты қабылдау, логикалық қорытынды жасау және мәтіннің тақырыбын анықтау дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар өз ойын дәлелдеп, коммуникативтік қарым-қатынаста тиімді қолдануға машықтанады.
8-сыныпқа арналған бұл материал 8.1.5.1 оқу мақсатын кезең-кезеңімен меңгертуге бағытталған. Материалда полилог мазмұнын түсіну, көңіл-күйді білдіретін тілдік құралдарды анықтау, кейіпкер көзқарасын тану және негізгі ойды талқылау жолдары ұсынылған. Үш сабақтық алгоритм, тілдік құралдар кестесі, Абайдың 17-қарасөзі негізіндегі талдау, саралау, бағалау және рефлексия тапсырмалары қамтылған. Материал мұғалімге сабақ құрылымын ұйымдастыруға көмектеседі.
Бұл сабақта сіз оқуыңыз, курсыңыз және болашақ мамандығыңыз туралы айтуды үйренесіз. Динара, Джек және Салтанаттың әңгімелерін тыңдап, оқып, кестені толтырыңыз. Зат есімнің жіктелуін және «емес» сөзінің қолданылуын меңгеріп, жаттығуларды орындаңыз. «Бұл кім?» ойынында тек «иә» немесе «жоқ» сұрақтарын қойып, жасырын тұлғаны табыңыз. Сабақтағы жаңа сөздерді сөйлеуде және жазуда белсенді қолданыңыз.