Бұл жұмыс парағы есімшенің -атын/-етін/-йтін, -ған/-ген/-қан/-кен, -ар/-ер/-р, -мақ/-мек жұрнақтарын жүйелі меңгертуге бағытталған. Материалда қысқа түсінік беріледі және бес түрлі жаттығу — етістіктерді түрлендіру,үлгі бойынша, сөйлем құрау, мәтінді толықтыру, шығармашылық жазба жазу — берілген. Тапсырмалар бағдарлама мазмұнына сай құрастырылып, оқушының жұрнақ түрлерін ажыратып, дұрыс әрі еркін қолдану дағдысын дамытады.
Бұл жұмыс парағы есімшенің -ар/-ер/-р (болымды) және -мас/-мес (болымсыз) жұрнақтарын меңгертуге арналған. Материалда қысқа теориялық түсінік пен төрт жаттығу берілген: етістікті түрлендіру, кеңейтілген сөйлемді толықтыру, мақал-мәтел негізінде мәтін толықтыру, болжам-мәтін жазу. Тапсырмалар оқушыны жұрнақтардың мағыналық айырмашылығын түсініп, дұрыс қолдануға дағдыландырады.
бұл материал есімшенің -мақ/-мек/-бақ/-бек/-пақ/-пек жұрнағының қолданысын меңгертуге бағытталған. Оқушы жұрнақтың дұрыс түрін таңдайды, ниет пен мақсат мәнін білдіретін сөйлемдерді түрлендіреді, мәтіндегі қажетті формаларды анықтайды. Соңғы тапсырмада «Менің болашаққа жоспарым» тақырыбында қысқа мәтін құрап, жаңа тілдік форманы өз сөйлеуінде қолданады.
Бұл жұмыс парағы есімшенің -атын/-етін/-йтын жұрнақтарының қызметі мен мағынасын меңгертуге бағытталған. Тапсырмалар оқушылардың есімше тұлғаларын дұрыс қолдануын, анықтауыштық қызметін түсінуін және сөйлемде тиімді пайдалануын қалыптастырады. Оқушылар етістікке тиісті жұрнақты жалғап, сөз тіркесін құрайды, жай сөйлемдерді есімше арқылы біріктіреді және мәтіндегі бос орындарды толықтырады. Жаттығулар оқушының грамматикалық білімін практикалық тұрғыда бекітіп, сөйлем құрау дағдысын дамытады.
Оқушы есімше жұрнақтарының мағынасы мен қызметін коммуникативтік тапсырмалар арқылы меңгереді. Тапсырмалар сөйлемнен есімшені табу, жұрнағын анықтау, сөйлемдерді толықтыру, сұрақтарды есімшелі тіркестерге түрлендіру және жұптық сөйлесім ұйымдастыруға негізделген. Мақсаты – есімше жұрнақтарын тілдік қолданыста саналы пайдалану дағдысын қалыптастыру. Нәтижесінде оқушы грамматикалық тұлғаларды мағынасына сай таңдап, ауызша және жазбаша тілде ойын дәл, жүйелі әрі сауатты жеткізе алады.