Жедел өткен шақ
Материалдар

Жедел өткен шақ.
Бұл жұмыс парағында оқушылар жедел өткен шақтың тұлғалық және мағыналық ерекшеліктерін түрлі коммуникативтік тапсырмалар арқылы меңгереді. Тапсырмаларда оқушылар етістіктерді тиісті жіктік жалғауларымен түрлендіріп, әрекеттің нақты өткен уақытта орындалғанын білдіретін формаларды қолданады. Мәтінді жедел өткен шақ жұрнақтарымен толықтыру арқылы оқиғаны баяндау және ақпаратты нақтылау дағдыларын дамытады. Жіктік жалғауларын таңдау тапсырмалары сөйлеуші мен әрекет иесінің арасындағы қатынасты дұрыс жеткізуге бағытталған. Сонымен қатар мәтіндегі етістіктерді шақ түрлеріне жіктеп, жедел өткен шақ пен ауыспалы осы шақтың қызметін салыстырады. Нәтижесінде оқушылар өткен оқиғаларды баяндау, нақты ақпарат беру, сұрақтарға жауап беру және шақтық мағыналарды ажырату барысында жедел өткен шақ формаларын орынды қолдана алады.
Жедел өткен шақ. Функционалды қызметі
ұл тапсырмалар оқушылардың жедел өткен шақты мәтін, диалог және жағдаят арқылы функционалды қолдануына бағытталған. Комикс пен практикалық жаттығулар тілдік қатысымды дамытып, сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Оқушылар етістіктерді орынды қолданып, өз ойын жүйелі жеткізуге, мәтінді талдауға және грамматикалық білімін күнделікті қарым-қатынаста қолдануға машықтанады.
Жедел өткен шақтың жасалуы
Бұл тапсырмалар жедел өткен шақтың жасалуын және функционалды қолданысын өмірлік жағдаяттар арқылы меңгертуге бағытталған. Жаттығуларда мәтінмен жұмыс, сөйлем құрастыру, сәйкестендіру, сұрақ әзірлеу, комикс негізінде диалог құрастыру және әңгіме жазу сияқты коммуникативтік әрекеттер қамтылған. Оқушылар грамматикалық білімін сөйлеу, жазу және талдау барысында қолдануға дағдыланып, өз ойын жүйелі жеткізеді, тарихи және мәдени мазмұндағы ақпаратты тілдік құралдар арқылы сауатты жеткізу қабілетін дамытады.
Жедел өткен шақ
Бұл жұмыс парағы "Жедел өткен шақ пен бұрынғы өткен шақ" тақырыбына арналған. Сіз оны оқушылардың осы екі шақ түрін ажыратып, дұрыс қолдану дағдысын дамытуға пайдалана аласыз. Бірінші тапсырмада сұхбатты бұрынғы өткен шақта аяқтау керек. Бұрынғы өткен шақ екен, еді көмекші етістіктерімен тіркесіп қолданылады. Екінші тапсырма себеп-салдарлық байланысты сурет негізінде анықтап, сөйлем құрастыруға құрылған.