"Академиялық сөз тіркестері ойыны» (карточкалар) Бұл ойын оқушыларды академиялық мәтіндерде жиі кездесетін сөз тіркестерін тануға және дұрыс құрастыруға үйретеді. Сынып жұппен бөлінеді, әр жұпқа тіркестің бірінші және екінші сыңарлары жазылған екі топ карточка беріледі. Оқушылар карточкаларды кезекпен ашып, мағынасына қарай дұрыс жұп табуға тырысады. Ең көп дұрыс жұп тапқан оқушы жеңімпаз атанады.
Жаттығулар жинағы оқушыларды академиялық сөз тіркестерінің мағынасы мен қолданысымен таныстырады. Алдымен оқушылар сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп сөз тіркестерін құрайды, содан кейін сол тіркестерді пайдаланып бос орындарды толтырады. Соңғы тапсырмада берілген пікірлермен келісетінін немесе келіспейтінін дәлелдермен түсіндіріп, шағын топта талқылайды.
Бұл жұмыс парағы оқушыларды академиялық сөз тіркестерінің мағыналарымен таныстырады. Оқушылар алдымен тіркестерді анықтамаларымен сәйкестендіреді, содан кейін қате қолданылған сөйлемдерді түзетеді, бос орындарды толтырады. Соңында берілген пікірмен келісу-келіспеуін серіктесімен талқылап, Жаңа Конституция тақырыбында тіркестерді қолданып қысқаша пікір жазады. 9 -10 -сыныптарға арналады, ұзақтығы — 35–40 минут, жеке жұмыс.
9-сыныптан бастап оқушы академиялық сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, оларды публицистика, ғылым стиліндегі жазба жұмыстарын жазуда, ауызша сөйлеуде қолдана алуы тиіс. Жаттығу жұмыстары осы дағдынын меңгертуге бағытталған. Алдымен оқушылар сөз тіркестерін анықтамаларымен сәйкестендіреді. Кейін сөйлемдердегі мағынасы сәйкес келмейтін тіркестерді тауып, тиісті нұсқамен алмастырады. Жұмысты жұпта талқылап, таңдауларын дәлелдейді. Соңында жаңа тіркестермен өз сөйлемдерін құрастырады. Оқушы дәлелін сынып алдында айтады және кері байланыс алады.
Бұл материал ғылыми жұмыс жазуда қолданылатын сөз тіркестерін меңгертуге арналған. Оқушылар терминдерді мағынасына қарай түсініп, оларды зерттеу тақырыбына сай қолданады. Тапсырмалар сөз тіркесін таңдау, сөйлемді толықтыру және мәтінді редакциялау әрекеттері арқылы орындалады. Мұғалім жауаптарды талқылатып, тілдік дәлдікті бағалайды. Соңында оқушылар өз ғылыми мәтіндеріне лайық тіркестерді қолданып, қысқа қорытынды жазады, дағдыланады.
Бұл академиялық материал сөз тіркестерін жарыс ойыны түрінде меңгертуге арналған. Оқушылар үш топқа бөлініп, ойын тақтасы бойынша фишкаларын жылжытады. Олар «Толықтыру», «Жағдай», «Түзету» карталарын пайдаланып, сөйлемдегі бос орынды толтырады, дұрыс сөз тіркесін дәлелдейді немесе қате тіркесті түзетеді. Ойын сөйлеу, ойлау және командалық жұмыс дағдыларын дамытады. Финишке бірінші жеткен топ жеңіске жетеді.
Бұл викторина академиялық сөз тіркестері мен терминдердің мағынасын меңгертуге арналған. Мұғалім сыныпты үш топқа бөледі. Оқушылар торкөздегі анықтаманы оқып, сәйкес терминді табады. Дұрыс жауап келесі тапсырманы таңдауға мүмкіндік береді, қате жауап кезекті басқа топқа береді. Соңында ұпай саналып, жеңімпаз анықталады. Жұмыс терминдік қорды, оқылымды, дәлелдеп сөйлеуді және топтық ынтымақтастықты дамытады.
Бұл жаттығу академиялық қазақ тілінде жиі қолданылатын сөз тіркестерін меңгертуге арналған. Оқушылар суреттерді сөздермен сәйкестендіреді, етістіктер мен зат есімдерден дұрыс сөз тіркестерін құрайды, мәтінді тиісті тіркестермен толықтырады және өз дағдыларын талдап, жетілдіру жолдарын баяндайды. Соңында жұппен қай мақсаттың оңай не қиын болатынын талқылайды. Жаттығу жеке және жұптық жұмысқа қолайлы, сөйлеу мен жазылым дағдыларын дамытады.
Көнерген сөздерді жаттату оңай емес. Бұл тапсырмада оқушы сөзді анықтама арқылы тауып, дұрыс жауапқа сәйкес суретті бояйды. Суретті бояу барысында көне сөздердің мағынасы көзбен қабылданып, ұзақ уақыт есте сақталады. Таным әрекеті, тарихи түсінігі, сөздік қоры және ассоциациялық ойлауы табиғи түрде дамиды
Бейнелі сөйлеу – дайын көркем сөздерді жаттау емес, дүниені дәл бақылап, оның ең маңызды белгісін танып, соны әсерлі сөзбен жеткізе білу. Бұл тапсырманың ерекшелігі – оқушыны сөз таңдауға емес, алдымен әрекетті бақылауға, салыстыруға және бағалауға жетелеуінде. Нәтижесінде оқушы әр сөздің эмоциялық реңкін сезініп, ойын дәл, бейнелі әрі коммуникативтік жағдаятқа сай жеткізу дағдысын қалыптастырады.