Бұл жұмыс парағы «Қалау рай» тақырыбын бекітуге арналған. Оқушылар етістік + -ғы/-гі/-қы/-кі + тәуелдік жалғауы + келеді үлгісін қолданып сөйлем құрайды, диалогті толтырады, орыс тілінен қазақ тіліне және керісінше аударма жасайды. Тапсырмаларды жұптық немесе жеке орындатып, ауызша талқылап, жауаптарын тақтада тексеруге болады.
Бұл жұмыс парағы «Қалау рай» тақырыбының II түрін (етістік + -айын/-ейін/-йын/-йін деп еді) бекітуге арналған. Оқушылар сұрақ құрастырып жауап береді, сөйлемдерді қалау райдың 2-түрінде және аралас түрде аяқтайды. Тапсырмаларды жеке немесе жұппен орындатып, ауызша тексеруге болады.

Бұл жұмыс парағы «Қалау рай» тақырыбының III түрін (етістік + -са/-се + м/-ң/-ңіз/екен) бекітуге арналған. Оқушылар дайын сөйлемдерді осы формаға түрлендіреді және берілген етістіктерді қалау рай (...са, ...екен/деп еді) формасында аяқтайды. Тапсырмаларды жеке немесе жұппен орындатып, ауызша тексеруге болады.
Бұл материал қалау райдың үш жасалу тәсілін салыстырып меңгертуге арналған. Алдымен кестедегі жұрнақтарды, мысалдарды және жақтық ерекшеліктерді түсіндіріңіз. Оқушылар бірінші тапсырмада сөйлемдерді –ғы/–гі/–қы/–кі тұлғасымен аяқтайды, екінші тапсырмада –ғай/–гей/–қай/–кей жұрнақтарын қолданады. Жауаптарды жұппен тексертіп, тұлғалардың мағыналық және стильдік айырмашылығын талдатыңыз. Қателерді үлгіге сүйеніп түзетіп, ауызша мысал айтқызыңыз. Соңында нәтижені бірге бағалаңыз.