Сөз тіркесі
Материалдар
Сөз тіркесі. Сөздердің мағыналық тіркесімділігі
Бұл жаттығулар жинағы оқушылардың сөз тіркестерін дұрыс құрастыру, сөздердің мағыналық тіркесімділігін түсіну және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тапсырмаларды жұптық, топтық жұмыс арқылы орындатыңыз. «Ойлан – жұптас – бөліс», «Сәйкестендіру шеңбері», «Кім жылдам?» әдістерін қолданыңыз. Оқушылардың жауаптарын талдатып, қате тіркестерді түзетуге мүмкіндік беріңіз және кері байланыс ұйымдастырыңыз. Сөздерді мағынасына қарай талдатып, өзара пікір алмасуға ынталандырыңыз.
Матасу
Бұл жаттығу жинағы матаса байланысқан сөз тіркесін меңгертуге бағытталған. Тапсырмалар ілік және тәуелдік жалғауларын анықтау, сөз тіркестерін құрастыру, түрлендіру, сөйлемдерді толықтыру, мәтіннен матасуды табу дағдыларын дамытады. Шығармашылық, жұптық және топтық жұмыстар арқылы оқушылардың грамматикалық сауаттылығы, тілдік қолданысы, ойлау қабілеті және коммуникативтік дағдылары жетілдіріледі. Белсенділігі мен қызығушылығы артады.
Сөз тікресі. Қабысу
Бұл жұмыс парағы қабыса байланысқан сөз тіркесін меңгертуге арналған. Оқушылар сөздердің орын тәртібі арқылы байланысу ерекшелігін түсініп, сөз таптарын анықтайды, берілген сөздерден тіркес құрайды, мәтіннен қабысуды табады. Тапсырмалар талдау, салыстыру, құрастыру және шығармашылық қолдану дағдыларын дамытады. Жұмыс барысында оқушының тілдік сауаттылығы, ойлау қабілеті және сөздік қоры жүйелі түрде жетілдіріледі. Мұғалім тапсырмаларды сабақ кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыра алады.
Сөз тіркесі. Меңгеру
Бұл жаттығуда оқушы бір сөзге мәнмәтінге қарай әртүрлі септік жалғауын таңдап қосады. Мақсаты — меңгеріле байланысқан тіркестің мағынасы септік жалғауының өзгеруіне қарай қалай өзгеретінін түсіну. Оқушы дұрыс жалғауды анықтап, септік түрін жазады, содан соң екі тіркестің мағыналық айырмашылығын салыстырып дәлелдейді. Тапсырма механикалық жаттауды емес, сыни ойлау мен мағыналық талдауды талап етеді.
Сөз тіркесі. Жанасу
Бұл жаттығулар оқушығы жанаса байланысқан сөз тіркесін меңгертуге арналған. Материал Блум таксономиясы бойынша құрылымдалған: имитациялық, трансформациялық, жартылай коммуникативті және коммуникативті жаттығулардан тұрады. Оқушылар алдымен теориямен танысып, жанасу мен қабысуды ажыратуды үйренеді, содан соң тіркестерді талдап, өз сөйлемдерін құрастырады. Тапсырмалар сыни ойлауды, білім деңгейін дамытуға, мектепте, үйде қолдануға бағытталған.