Сұрау есімдігі
Материалдар
Сұрау есімдіктері: кім? не?
Құрметті мұғалім! 1-парақ (Сұрау есімдігі): Бұл жұмыс парағы оқушыларға сұрау есімдіктерін тануды үйретеді. Сіз оқушыларға "Кім?" және "Не?" сұрақтарына жауап беретін сөздерді белгілетіп, сәйкестендіру тапсырмасын орындата аласыз. Соңында диалог арқылы оқушылар сұрау есімдіктерін өз сөйлеуінде қолдануды үйренеді. Жеке немесе жұппен жұмыс істетуге болады.
Сұрау есімдіктері: кім?қашан?қандай? неше? қайда?
Бұл парақта Сіз оқушыларға алты түрлі сұрау есімдігін (кім, қашан, қандай, неден, неше, қайда) орынды қоюды үйрете аласыз. Тапсырмалар сөйлемге сәйкес есімдік таңдаудан, диалог құрастырудан және сұрақтарға жауап беруден тұрады. Бұл жаттығу оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдысын дамытады.
Сұраулы сөйлемдер құрастыру
Бұл жұмыс парағы "Сұраулы сөйлемдер құрастыру" тақырыбына арналған. Сіз они оқушылардың сұраулы сөйлем құру дағдысын дамытуға қолдана аласыз. Бірінші тапсырмада қатесі бар сұрақтарды түсету, екіншісінде "қандай" және "қай" есімдіктерімен сөйлем құрастыру, үшіншісінде "қайда" сұрағына жауап беру қарастырылған. Жеке немесе жұппен орындатуға болады.
Сұраулы сөйлемдер құрастыру
Бұл жұмыс парағы "Сұраулы сөйлемдер құрастыру" тақырыбын тереңдете түседі. Сіз они оқушылардың сұрау есімдиктерін мәтінмен байланыстырып қолдануын дамытуға қолдана аласыз. Тапсырмалар "қашан", "қайда" сұрақтарымен сөйлем құрастырудан, тарихи тұлғалар туралы мәлімет негізінде сұрақ қоюдан және спорт тақырыбына сай сұрау есімдіктерін дұрыс таңдаудан тұрады.
Сұрау есімдіктерін қолдану
Сұраулы сөйлемдерді құрастыру тапсырмаларын оқушылардың жауапқа қарай дұрыс сұрақ құрастыру дағдысын жаттықтыруға қолдана аласыз. Тапсырмалар қала, ауа-райы туралы сұрақ қалпына келтіруден, сондай-ақ жеке мәліметтерге (аты, отбасы, мамандығы) сай сұрақ қоюдан тұрады. Жеке жұмысқа қолайлы. Сұхбатта сұрақ қою, сұрақ түрлерін өзара байланыста дамыту дағдыларын жетілдіреді.
Сөз таптары және сұрау есімдіктері
Бұл жұмыс парағы оқушылардың сөз таптарын сұрақтары арқылы ажырату, сұраулы есімдіктерді орынды қолдану және сұраулы сөйлем құрастыру дағдыларын функционалды түрде дамытуға бағытталған. Тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай жүйеленіп, жіктеу, салыстыру, талдау, байланыстыру және коммуникативтік жағдаятта қолдану сияқты танымдық әрекеттерді іске қосады. Жұптық жұмыс барысында оқушылар сұрақ қою мен жауап беру стратегияларын меңгеріп, өзара тілдік қарым-қатынасқа түседі, сөйлеу мәдениеті мен логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіреді.