Жаттығулар сын есім туралы білімді қайталап, оны сөйлемде дұрыс қолдану дағдысын жетілдіреді. Оқушы сын есімді және ол сипаттайтын зат есімді анықтайды, салыстырмалы мағына жасайды, күшейткіш сөздерді орынды таңдайды. Шырай формаларын мағынасына қарай ажыратып, сілтеу сөздерімен тіркестіреді. Синонимдер мен антонимдерді сәйкестендіру арқылы сөздік қорын молайтып, сын есімдердің мағыналық ерекшелігін түсінеді.
Сын есімнің басты қызметі – заттың белгісін атау ғана емес, оны қарым-қатынас барысында дәл сипаттау. Бұл тапсырмалар сапалық және қатыстық сын есімдердің функционалдық қызметін ашуға бағытталған. Оқушылар сын есімдерді мәтін мазмұнымен байланыстырып, адамның мінезін, қасиетін және заттың ерекшелігін сипаттайды. Осындай жұмыс грамматикалық тұлғаны жеке ереже ретінде емес, нақты коммуникативтік жағдаятта қолдануға үйретіп, сөздік қорды, мәтінді түсіну және сөйлеу дағдыларын қатар дамытады.
«Заттарды сипатта» жұмыс парағы оқушылардың сын есімдерді зат есімге сәйкестендіріп, заттың сыр-сипатын дәл сипаттау дағдысын дамытады. Оқушылар үш адамнан топ құрап, араластырылған карточкалардан әр затқа сай төрт сын есімді іріктейді. Содан кейін таңдауын дәлелдеп, сын есімдерді қолданып сөйлем құрайды. Тапсырма сөздік қорды байытып, топпен жұмыс істеуге баулиды
Қызықты тапсырмалар оқушыны ойлануға, ізденуге және әр әрекетке белсенді араласуға жетелейді. Тапсырмалар бақылауға, салыстыруға, топтастыруға, таңдау жасауға және өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сын есімдерді сезім мүшелерімен байланыстыру арқылы оқушы қоршаған ортаны жаңа қырынан таниды. Суреттер мен өмірлік жағдаяттар қызығушылықты арттырып, әр тапсырмаға белсенді араласуға ынталандырады. Нәтижесінде танымдық белсенділігі, сөздік қоры, функционалдық сауаттылығы және тілдік қатысым дағдылары қатар дамиды.
Бұл ойын сын есімдерді заттың түсі, көлемі, пішіні, материалы, сапасы және қызметімен байланыстырып қолдануға үйретеді. Оқушы карточкадағы сын есімге лайық затты таңдап, сөз тіркесін не сөйлем құрайды. Серіктестері сипаттаманың дұрыстығын тексереді. Дұрыс жауап карточканы сақтауға мүмкіндік береді. Карточка жинаған оқушы жеңімпаз болады. Жаттығу ауызша сөйлеуді, сөздік қорды, сипаттау дағдысын дамытады.
Сын есімнің негізгі қызметі – заттың белгісін дәл танытып, оны басқа заттардан ажырату. Бұл тапсырмалар оқушыларды кез келген сын есімді қолдануға емес, заттың ең маңызды белгілерін іріктеп сипаттауға үйретеді. Оқушылар жануарлардың сыртқы ерекшеліктерін салыстырып, артық белгілерді анықтайды және өздері сипаттама құрастырады. Осындай жұмыс заттарды жаңа қырынан тануға, байқағыштықты дамытуға, сөздік қорды молайтуға және сын есімнің танымдық әрі коммуникативтік қызметін саналы меңгеруге мүмкіндік береді.
Коммуникацияға негізделген тапсырмалар сабақта еркін тілдік орта қалыптастырып, әр оқушының белсенді қатысуына жағдай жасайды. Жұмыс парағындағы тапсырмалар жұптық, топтық және жеке жұмысқа оңай бейімделеді, сондықтан мұғалім оларды қосымша дайындықсыз-ақ қолдана алады. Суреттерге сүйенген практикалық жаттығулар оқушыларды бақылауға, салыстыруға, талқылауға және өз ойын еркін жеткізуге жетелейді. Грамматикалық ұғымдар дайын ережені жаттау арқылы емес, нақты тілдік жағдаяттарда меңгеріледі. Мұндай тәсіл сабақтың қарқынын сақтап, оқушылардың қызығушылығын арттырады, ал мұғалімге жеңіл ұйымдастырылатын, нәтижелі әрі белсенді сабақ өткізуге мүмкіндік береді.
Бұл жұмыс парағында оқушы сын есімді нақты жағдаятқа сай таңдап, зат есіммен мағыналық байланысын анықтайды және сөйлем құрауда орынды қолданады. Яғни грамматикалық білімді қарым-қатынаста қолдануға үйренеді. Осындай функционалдық тәсіл оқушының сөзді дәл таңдау дағдысын, сөйлеу мәдениеті, жалпы алғанда, коммуникативті құзыреттілігін дамытады.