Теңеу
Материалдар
Гипребола
Гипербола ұғымы алғаш рет енгізіледі: заттың белгісін асыра үлкейту/кішірейту. Ереже мен мысалды ("автокөлігі желдей гуледі") бірге талдаңыз. Содан соң оқушылар берілген карточкалардан гиперболаны тауып, метафорадан айырмашылығын түсінеді. Екі ұғымды шатастырмау үшін салыстырмалы кесте жасатуға болады.
Метафора және теңеу
Оқушылар дайын теңеулерді ("жібек шашаққа ұқсайды") метафораға айналдырады (жұрнақ/көмекші сөзді алып тастап, екі затты тең қою арқылы). Алдымен үлгіні ("қасқыр сияқты → қасқыр болды") бірге көрсетіп, ережені түсіндіріңіз, содан соң тоғыз сөйлемді жеке орындатыңыз.
Теңеу
Оқушыларға дайын карточкалар (мәтінде жоқ, бөлек беріледі) ұсынылып, оларды "Теңеу" және "Метафора" бағандарына топтастыру тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын екеуінің айырмашылығын (жұрнақ/көмекші сөз бар-жоғы) қысқаша қайталаңыз. Топтық немесе жұптық форматта, карточкаларды физикалық қиып жүргізген тиімді.
Теңеу
Сегіз сөйлемді мағынасына сай теңеумен толықтырып қайта жазу тапсырылады (мысалы, "аспан жарқырайды" → "жұлдыздай жарқырайды"). Алдымен теңеу жасалу жолдарын (-дай/-дей, сияқты, секілді) қайталатыңыз. Оқушылар жауаптарын салыстырғанда, әртүрлі бірақ дұрыс нұсқалар болуы мүмкін екенін эскертіңіз.
Теңеу ме, метафора ма?
Тоғыз сөйлемнің әрқайсысын теңеу (Т) немесе метафора (М) деп белгілеу тапсырылады. Тапсырма алдыңғы білімді бекітеді, сундықтан оқушылар өз бетінше рындасын, содан кейин жауаптарды дауыстап тексеріп, неге солай деп ойлағанын түсіндіртіңіз.
Метафора
Жеті сөйлемнен метафораны тудырған екі сөзді (мысалы, «көңіл» — «күн») анықтап, көрсетілген үлгі бойынша жазу тапсырылады. Бірінші мысалды бірге талдап, стрелка арқылы қалай көрсетілетінін түсіндіріңіз, содан соң қалғанын жеке орындатыңыз.
Теңеу.Талдау
«Теңеу» жұмыс парағында С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасынан алынған он теңеу үлгісі беріліп, салыстырылған ұғымдарды анықтап, тура мағынасын түсіндіру көзделген. Жұмыс парағы оқушылардың көркем сөз құралдарын тануын, мәтінді талдау дағдысын және шығармашылық ойлауын дамытады, жеке немесе топпен орындауға қолайлы қосымша тапсырмалармен толықтырылған.
Теңеу. Талдау.Шығармашалық тапсырмалар
Бұл жұмыс парағы М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастаны бойынша теңеу тәсілін тануға және қолдана білуге үйретуге арналған. Сабақ басында мұғалім анықтама мен алғашқы мысалды бірге талдап, үлгі көрсетеді. Содан кейін оқушылар қалған сегіз мысалды өз бетінше талдап, шығармашылық тапсырмаларды орындайды, ал соңында жауаптар сыныппен талқыланады.
Теңеу. Талдау. Шығармашылық тапсырмалар
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН СИПАТТАМА Жұмыс парағы екі бөліктен тұрады: талдау және шығармашылық. Алдымен оқушылар берілген үзінділердегі теңеулерді табады, салыстырылған екі затты және олардың ортақ белгісін анықтайды. Екінші бөлімде оқушылар үлгі бойынша өз теңеулерін құрастырады, дайын сөйлемдерді көркемдейді және шағын шығармашылық мәтін жазады.