Бұл жаттығулар зат есімді тануға және қолдануға үйретеді. Алдымен ережені түсіндіріп, 1-2 тапсырмаларды бірге талдаңыз. 3-6 жаттығуларды жазбаша орындатып, зат есімнің астын сыздырыңыз. 7-8 тапсырмаларда суретпен жұмыс маңызды. 9-10 тапсырманы шығармашылық жазба немесе үй тапсырмасы ретінде беруге болады.
Жаттығулар жүйесі зат есім туралы білімді кезең-кезеңмен бекітуге арналған. Оқушы зат есімдерді анықтайды, жалқы және жалпы есімдерді ажыратады, көптік тұлғаға түрлендіреді, тәуелдік қатынаста қолданады. Соңғы тапсырмаларда отбасы, ұлттық киім, туған жер, тарихи тұлғалар туралы өз ойын жазып, зат есімдерді сөйлеу жағдаятында орынды қолдану дағдысын қалыптастырады.
Көптік мәнді зат есімдер мектеп тәжірибесінде жиі тереңдетіліп оқытылмайды. Соның салдарынан оқушылар ұндар, сүттер, қанттар сияқты стильдік әрі грамматикалық қателер жібереді. Бұл тапсырмалар саналатын және көптік мәнді зат есімдерді салыстыра меңгертіп, өлшем бірліктерімен дұрыс қолдануға үйретеді. Нәтижесінде оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен жазу сауаттылығы артады.