Бұл жинақ ауыспалы осы шақты шынайы қарым-қатынас жағдайында меңгертуге арналған. Алдымен жұптық сұхбат ұйымдастырыңыз, кейін сауалнама арқылы ақпарат жинатып, хабарлама жасатыңыз. Ойындарда оқушылардың болымды, болымсыз және сұраулы тұлғаларды қолдануын бақылаңыз. Рөлдік сұхбатта толық жауап беруге, топтық жұмыста серіктесін тыңдап, пікірін жеткізуге бағыттаңыз. Соңында жарыс нәтижесін талқылап, қателерді бірлесіп түзетіңіз және жетістігін бағалаңыз.Қателерді сөйлеу барысында дұрыстамаңыз. Ойын аяқталғаннан кейін жалпы сыныпқа қайталатыңыз.
Бұл жұмыс парағы ауыспалы осы шақтың жасалуын меңгертуге арналған. Оқушы аыспалы со ы шақты жасалуын байқайды, қосымшаларды таниды, үлгі бойынша қайталап, меңгереді. Бұл - қайталаушы жаттығулар. Қайталаушы жаттығу түрлері бірнеше. 1-жаттығуда дұрысын үлгі бойынша таңдайды, келесі жаттығуларда қажетті қосымшаларды іріктеп, болымды және болымсыз формаларды қолданады. Жұптық жұмыста сұрақ қойып, жауап береді. Мұғалім оқушылардың сөйлеу барысында грамматикалық формаларды дұрыс қолдануын бақылап, қателермен сабақ соңында жұмыс жасайды. Оқушы сөйлеп тұрғанда қатені дұрыстауға болмайды.
Бұл түрлендіруші тапсырмалар. Қайталаушы жаттығулардан кейін берілуі керек. Оқушы ауыспалы осы шақ жұрнақтарын дайын сөйлемдерді түрлендіру, суреттерге қарап, сөйлемді толықтыру, жақ түрлеріне трансформациялау, сұраулы, болымсыз түрге ауыстыру , керекті сөздермен толықтыру сияқты жаттығуларды орындайды. Бұл -өте маңызды жаттығулар. Олар оқушы танымында дағды түрлерін бекітеді.
Ауыспалы осы шақ бойынша қайталаушы жаттығуларды орындатқаннан кейін түрлендіруші жаттығулар беріледі. Бұл жаттығулар ауыспалы осы шақтың болымсыз түрін меңгертуге бағытталған. Оқушылар сөйлемдерді болымсыз түрге өзгертеді, бастауышты қалпына келтіреді, сөздердің орнын реттеп сөйлем құрайды және сұраулы, болымсыз сөйлемдер құрастырады. Ауыспалы осы шақ жасайтын қосымшалардың түрлерін ажыратып, түсініп қолдану дағдысын дамытады.Жұптық және жеке жұмысты ұйымдастырып, жауаптарды талдатуға болады.
Ауыспалы осы шақты меңгертуг е арналған жаттығулар топтамасына қайталаушы, түрлендіруші, жартылай коммуникативті , коммуникативті жаттығулар кіреді. Бұл коммуникативті жаттығудың алғашқы 3 тапсырмасы. 4 жаттығу жұмысын сайттың Етістік - Етістік шақтары - Ос ы шақ бөлімінен аласыз.
Бұл тапсырмалар ауыспалы осы шақты бекітуге бағытталған. Оқушылар кесте арқылы сұрақ құрастырып, етістіктерді дұрыс түрлендіреді, сұрақтарға жауап береді және сөйлемдерді толықтырады. Тапсырмалар ауызша және жазбаша сөйлеуді дамытады. Мұғалім жұптық жұмысты ұйымдастырып, оқушылардың жауаптарын тыңдайды. Оқушы өзі сөйлем құрап, серіктесімен сөйлеседі. Өз ойын екрін жеткізеді, өз сөзін бақылап отырады. Сөйлеу барысында оқушы қателерін жөндеугн болмайды. Сабақ соңында жалпы сыныпқа тақырыпты қайталауды ұсынып, топпен қайталату керек. Ал қате жіберген оқушы топпен бірг е қайталап, өз қатесін түсінеді. Өйткені сөйлеу барсында қатен і түзету, оқушыда қорқыныш туғызады. Ол сөйлеген кезде "дұрыс па, дұрыс емес пе" деп, кібіртіктеп тұратын болады.