Ауыспалы осы шақ. Сұраулы түрі. Түрлендіруші жаттығулар
Бұл тапсырмалар ауыспалы осы шақты бекітуге бағытталған. Оқушылар кесте арқылы сұрақ құрастырып, етістіктерді дұрыс түрлендіреді, сұрақтарға жауап береді және сөйлемдерді толықтырады. Тапсырмалар ауызша және жазбаша сөйлеуді дамытады. Мұғалім жұптық жұмысты ұйымдастырып, оқушылардың жауаптарын тыңдайды. Оқушы өзі сөйлем құрап, серіктесімен сөйлеседі. Өз ойын екрін жеткізеді, өз сөзін бақылап отырады. Сөйлеу барысында оқушы қателерін жөндеугн болмайды. Сабақ соңында жалпы сыныпқа тақырыпты қайталауды ұсынып, топпен қайталату керек. Ал қате жіберген оқушы топпен бірг е қайталап, өз қатесін түсінеді. Өйткені сөйлеу барсында қатен і түзету, оқушыда қорқыныш туғызады. Ол сөйлеген кезде "дұрыс па, дұрыс емес пе" деп, кібіртіктеп тұратын болады.