Бұл жұмыс парағы есімшенің -атын/-етін/-йтын жұрнақтарының қызметі мен мағынасын меңгертуге бағытталған. Тапсырмалар оқушылардың есімше тұлғаларын дұрыс қолдануын, анықтауыштық қызметін түсінуін және сөйлемде тиімді пайдалануын қалыптастырады. Оқушылар етістікке тиісті жұрнақты жалғап, сөз тіркесін құрайды, жай сөйлемдерді есімше арқылы біріктіреді және мәтіндегі бос орындарды толықтырады. Жаттығулар оқушының грамматикалық білімін практикалық тұрғыда бекітіп, сөйлем құрау дағдысын дамытады.
Бұл жұмыс парағы ауыспалы өткен шақтың тұлғасын үлгі арқылы меңгертуге арналған. Мұғалім имитациялық әдісті қолданып, алдымен үлгіні талдатады, кейін оқушыларға етістіктің және өзгерген тұлғасын салыстыртады. «Қайталау», «үлгі бойынша орындау», «жеке жауап» әдістерін қолдануға болады. Қиындық туындаса, -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарын еске түсіртіп, мысал келтіру тиімді. Соңында оқушылар жауаптарын жұппен тексеріп, дұрыс нұсқаларын белгілейді. Мұғалім бағалау арқылы кері байланыс береді.
Бұл жұмыс парағы ауыспалы өткен шақтағы баяндауышты үлгі бойынша түрлендіруге бағытталған. Мұғалім трансформациялық әдіс арқылы бастапқы сөйлемдегі етістікті тапқызып, оның ауыспалы өткен шақтағы нұсқасын жасатады. «Салыстыру», «түрлендіру», «жұптық тексеру» әдістерін қолдануға болады. Оқушылар тұлғаның жаққа қарай өзгеруін байқайды. Қате жауаптарды бірден түзетпей, бағыттаушы сұрақтар арқылы өздеріне тапқызу тиімді. Соңында бірнеше сөйлемді талдатып, жұптар жауаптарын тексереді. Мұғалім дескриптор бойынша бағалау жүргізеді.
Бұл жұмыс парағы ауыспалы өткен шақты тәжірибемен байланыстырып қолдануға арналған. Мұғалім жартылай коммуникативті әдісті пайдаланып, сөйлем бастамаларын оқушының өз ойын жалғастыруына ұсынады. «Ойлан–жұптас–бөліс», «сөйлемді толықтыру», «тәжірибемен байланыстыру» әдістері тиімді. Алдымен оқушы жеке жазады, жұбымен бөліседі. Мұғалім ауыспалы өткен шақ тұлғасының қолданылуына назар аударады. Жауаптарды мазмұн, грамматикалық дұрыстық және сөйлемнің толықтығы бойынша бағалап, қажет болса тірек сөздер ұсынады. Соңында жауаптарды сыныпта талдатады.