Болжалды келер шақ
Материалдар
Келер шақ. Функционалды қызметі
Бұл парақта Сіз оқушыларға үш келер шақ түрін (ауыспалы, болжалды, мақсатты) «Жазғы саяхат» әңгімесі арқылы үйрете аласыз. Мәтін қызықты сюжетпен берілгендіктен, Сіз оқушыларды өз сөздерін қойып, жеке әңгіме құрастыруға шақыра аласыз. Бұл шығармашылық тапсырма сабақты жандандыруға көмектеседі.
Есімше. -мақ/мек жұрнағының функционалды қызметі
бұл материал есімшенің -мақ/-мек/-бақ/-бек/-пақ/-пек жұрнағының қолданысын меңгертуге бағытталған. Оқушы жұрнақтың дұрыс түрін таңдайды, ниет пен мақсат мәнін білдіретін сөйлемдерді түрлендіреді, мәтіндегі қажетті формаларды анықтайды. Соңғы тапсырмада «Менің болашаққа жоспарым» тақырыбында қысқа мәтін құрап, жаңа тілдік форманы өз сөйлеуінде қолданады.
Болжалды келер шақ
Жұмыс парағы болжалды келер шақты жұптық жұмыс арқылы меңгертуге арналған. Алдымен жұрнақтар кестесін (болымды/болымсыз түрлері) түсіндіріңіз. 1-тапсырмада оқушылар серігінің әрекеті туралы болжам жасап, «иә/жоқ» деп белгілейді. 2-тапсырмада серігіне сол болжамды болжалды келер шақ тұлғасында ауызша айтады (мысалдағыдай), ал серігі растаса торкөзге белгі қояды. Жұптарды ауыстырып отырған тиімді.