Бұрынғы өткен шақ
Материалдар
Жедел өткен шақ
Бұл жұмыс парағы "Жедел өткен шақ пен бұрынғы өткен шақ" тақырыбына арналған. Сіз оны оқушылардың осы екі шақ түрін ажыратып, дұрыс қолдану дағдысын дамытуға пайдалана аласыз. Бірінші тапсырмада сұхбатты бұрынғы өткен шақта аяқтау керек. Бұрынғы өткен шақ екен, еді көмекші етістіктерімен тіркесіп қолданылады. Екінші тапсырма себеп-салдарлық байланысты сурет негізінде анықтап, сөйлем құрастыруға құрылған.
Бұрынғы өткен шақ. Жасалу жолдары
1–3-тапсырмалар бұрынғы өткен шақтың жасалуын, жекеше-көпше түрлерін және жедел өткен шақпен айырмашылығын бекітуге бағытталған. Мұғалім «ойлан–жұптас–бөліс», сұрақ-жауап, салыстыру, бағытталған сөйлем құрастыру әдістерін қолдана алады. Оқушылар алдымен ережені еске түсіріп, кейін етістіктерді түрлендіріп, сөйлемдерді толықтырады. Жұптық жұмыс арқылы өзара тексеру ұйымдастырып, қателерді дәлелмен түзету ұсынылады. Ауызша жауап беру арқылы түсінігін бекітеді.