Бұл жұмыс парағы "Жедел өткен шақ пен бұрынғы өткен шақ" тақырыбына арналған. Сіз они оқушылардың осы екі шақ түрін ажыратып, дұрыс қолдану дағдысыны дамытуға пайдалана аласыз. Бірінші тапсырма сұхбатты сөйлем мазмұнына қарай тиісті шақ түрінде аяқтауға құрылған. Бұрынғы өткен шақ еді, екен көмекші етістіктерімен тіркесіп қолданады. 2- жаттығу бұрынғы өткен шақтың функционалдық қызметін ашады.
Бұл тапсырмалар оқушылардың жедел және бұрынғы өткен шақты ажыратып, сөйлем ішінде дұрыс қолдану дағдысын қалыптастырады. Мұғалім уақыт мәнді сөздерге назар аударту, салыстыру, сұрақ-жауап, жұптық жұмыс әдістерін қолдана алады. Оқушылар етістіктерді қажетті шақта түрлендіріп, сөйлем мағынасына сүйеніп таңдау жасайды. Жауаптарын түсіндіріп, өзара тексеру арқылы білімдерін бекітеді.
Тапсырмалар бұрынғы өткен шақтың сұраулы түрін дұрыс қолдануға бағытталған. Мұғалім оқушыларға суреттер мен сөйлемдер арқылы өткен әрекетті анықтатуға, сұрақ қоюға және жауап беруге үйретеді. «Ойлан–жұптас–бөліс», сұрақ-жауап, салыстыру, жұптық жұмыс әдістерін қолдануға болады. Оқушылар етістіктерді қажетті тұлғада қойып, сөйлемдерді толықтырады, жауаптарын дәлелдейді және өзара тексеру жүргізеді. Суретке қарап, мағыналық байланыстарды түсіндіреді.
Бұл тапсырмалар жинағында оқушылар оқиға мәтінін толықтырады, етістіктерді мағынасына қарай топтастырады, шақ формаларын түрлендіреді, грамматикалық қателерді түзетеді және өз өмірінен оқиға құрастырады. Ойын элементтері, сыни ойлау тапсырмалары және шығармашылық жазылым жұмыстары бұрынғы өткен шақтың сөйлемдегі қызметін қызықты әрі тиімді меңгеруге мүмкіндік береді.
Бұл жұмыс парағы киім атауларын, сын есімдерді, түс атауларын және салыстырмалы шырайды қолдануға үйретеді. Оқушылар бұрынғы және қазіргі ерлер, әйелдер, мектеп киімдерін салыстырып, бос орындарды толтырады. Суреттер бойынша сөйлем құрайды, үлгілердің айырмасын сипаттайды және өзіне ыңғайлы киім туралы қысқа пікір жазады. Жұптық талқылау арқылы жауаптарын дәлелдейді және сөздік қорын кеңейтеді.
Тапсырмалар бұрынғы өткен шақты мәтін мен сөйлемдерде дұрыс қолдану дағдысын қалыптастырады. Мұғалім «ойлан–жұптас–бөліс», сұрақ-жауап, салыстыру, мәтінмен жұмыс әдістерін қолдана алады. Оқушылар етістіктерді тиісті тұлғада түрлендіріп, сөйлемдерді толықтырады. Абай мен Шоқан туралы тапсырмалар арқылы грамматикалық білімін бекітеді. Жұппен жауаптарын салыстырып, таңдаған тұлғаларын түсіндіреді, қателерін өзара тексеріп, түзетеді.