Жіктік жалғауы. Функционалды қызметі
Бұл тапсырмалар функционалды грамматика қағидатына негізделген. Сабақ барысында оқушылардың жіктік жалғауын жаттап қана қоймай, оның сөйлеудегі қызметін түсінуіне жағдай жасаңыз. Әр грамматикалық форманы нақты коммуникативтік жағдаятпен байланыстырып, «Бұл тұлға не үшін қолданылды?», «Сөйлеуші қандай ақпаратты жеткізді?» деген сұрақтар арқылы талдаңыз. Алдымен үлгі диалогтерді оқытып, оқушыларға қажетті грамматикалық формаларды өздері анықтатуға мүмкіндік беріңіз. Кейін жұптық және топтық жұмыстарда оларды өздері туралы, отбасы, мамандық, жас, мекенжай сияқты өмірлік жағдаяттарда қолдануды ұйымдастырыңыз. Сабақ соңында оқушылар жаңа жағдаят құрастырып, жіктік жалғауының қызметін еркін сөйлесімде қолдануы тиіс. Осындай жұмыс грамматикалық білімді механикалық жаттаудан функционалдық қолдануға көшіруге және мұғалімнің коммуникативтік бағыттағы оқыту тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді.