
Бұрынғы өткен шақ
Бұл жұмыс парағында оқушылар бұрынғы өткен шақтың нақтылау, растау және хабарлау қызметтерін түрлі коммуникативтік жағдаяттарда қолданады. Алдымен олар бұрынғы өткен шақтың болымды, болымсыз және сұраулы түрлерін салыстырып, әрекеттің орын алғанын немесе орын алмағанын нақтылау үшін қолданылатын тілдік құрылымдарды меңгереді. Кейін саяхат тақырыбындағы жағдаяттық тапсырмаларда досының және достарының әрекеттері туралы әңгімелеп, диалог құрастырады, яғни өткен оқиғаны баяндау дағдысын дамытады. Оқушылар сөйлемдердегі етістіктердің шақтық мағынасын анықтап, шақ формаларының мәтіндегі қызметін талдайды, сөздердің тіркесімділік ерекшеліктерін анықтау арқылы етістіктердің қолданыс аясын кеңейтеді. Топтық карточка- тапсырмалардағы мәселені тыңдап, кеңес береді, қолдау ұсынады және ұсыныс жасайды. Нәтижесінде оқушылар бұрынғы өткен шақ формаларын ақпаратты нақтылау, өткен оқиғаны баяндау, сұрақ қою, жауап беру, кеңес айту және пікір білдіру жағдаяттарында орынды қолдана алады.